Видеоны көру
Totem ішінде видео файлдарды келесі тәсілдердің бірімен ашуға болады:
Басты терезеде көрсетіліп тұрған тізімнен видеоны таңдаңыз.
Файлдар файл менеджерінде видео файлды ашатын қолданба ретінде Totem бағдарламасын таңдаңыз.
Терезенің жоғарғы сол жақ бұрышындағы + батырмасын басып, Жергілікті видеоны қосу… тармағын таңдаңыз. Ашқыңыз келетін видео(ларды) таңдаңыз. Қосу батырмасын басыңыз. Видео басты терезедегі тізімге қосылады және оны сол жерден таңдауға болады.
Терезенің жоғарғы сол жақ бұрышындағы + батырмасын басып, Веб видеоны қосу… тармағын таңдаңыз. Ашқыңыз келетін видеоның адресін теріңіз немесе кірістіріңіз. Қосу батырмасын басыңыз. Видео басты терезедегі тізімге қосылады және оны сол жерден таңдауға болады.