Қосымша ішкі кілттерді қосу

Бір негізгі кілтке қосымша ішкі кілттерді қосуға болады. Мұны істеген кезде шифрлеуді немесе қол қоюды қалаған сайын дұрыс ішкі кілтті таңдау керек.

PGP кілтіне қосымша ішкі кілттерді қосу үшін:

  1. Сол жақ панельден GnuPG кілттері таңдаңыз.

  2. Тізімнен Жеке PGP кілтін таңдаңыз.

  3. Таңдалған кілтті оң жақпен шертіп, Қасиеттері ▸ Мәліметтер таңдаңыз.

  4. Егер Ішкі кілттер панелі жайылмаған болса, оны жайыңыз.

  5. Жаңа ішкі кілт қосу үшін Қосу батырмасын басыңыз.

  6. Тиісті Кілт түрі, Кілт ұзындығы және Мерзімінің аяқталу күнін таңдау арқылы кілт үшін дұрыс қасиеттерді таңдап, ОК басыңыз.

Әрқашан ішкі кілтіңіздің негізгі кілттен бұрын аяқталатынына көз жеткізіңіз, өйткені негізгі кілттің мерзімі аяқталған кезде ішкі кілт жарамсыз болады.