Менің ішкі кілттерім қай жерде тізімделген?
Ішкі кілттің қасиеттерін көру үшін кілттер жұбының мазмұнын тексеруге болады.
PGP кілтіндегі барлық ішкі кілттерді көру үшін:
Сол жақ панельден GnuPG кілттері таңдаңыз.
Жеке PGP кілтін таңдаңыз.
Алдыңғы қадамда таңдалған кілтті оң жақпен шертіп, Қасиеттері ▸ Мәліметтер тармағын таңдаңыз.
Егер Ішкі кілттер панелі жайылмаған болса, оны жайыңыз.
Таңдалған PGP кілтінің барлық ішкі кілттері панельде тізімделеді.
Басқа кілтке қол қою кезінде, қол қою үшін GnuPG кілттері кілттер жұбын таңдағанда, Парольдер мен кілттер қол қою үшін негізгі кілтті автоматты түрде таңдайды.