Басып шығару кезінде қағаз өлшемін өзгерту
Егер құжатыңыздың қағаз өлшемін өзгерткіңіз келсе (мысалы, US Letter өлшемді PDF-ті A4 қағазына басып шығару), құжаттың басып шығару пішімін өзгерте аласыз.
Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Басып шығару батырмасын басыңыз.
Бет баптаулары бетін таңдаңыз.
Қағаз бағанында ашылмалы тізімнен Қағаз өлшемін таңдаңыз.
Басып шығару шертіңіз, құжатыңыз басып шығарылуы керек.
Басқа бағытты таңдау үшін Бағыт мәзірін де қолдана аласыз:
Тік
Жатқызылған
Кері тік
Кері жатқызылған