7-беттік кітапша

  1. Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Басып шығару батырмасын басыңыз.

  2. Жалпы бетін таңдаңыз.

    Ауқым бөлімінде Беттер таңдаңыз.

    Бет нөмірлерін мына ретпен теріңіз: 7, 2, 1

  3. Бет баптаулары бетін таңдаңыз.

    Жайма бөліміндегі Екі жақты опциясынан Қысқа жиегі (Аударып тастау) таңдаңыз.

    Бір жағындағы беттер саны опциясынан 2 таңдаңыз.

    Беттер реті мәзірінен Оңнан солға таңдаңыз.

    Басып шығару батырмасын шертіңіз.

  4. Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Басып шығару батырмасын басыңыз.

  5. Жалпы бетін таңдаңыз.

    Қалған беттердің нөмірлерін мына ретпен теріңіз: 6, 3, 4, 5

  6. Бет баптаулары бетін таңдаңыз.

    Беттер реті мәзірінен Солдан оңға таңдаңыз.

    Басып шығару батырмасын шертіңіз.

8-беттік кітапшаны басып шығару оңайырақ. PDF құжатыңыз 8 беттік болуы үшін оған бос бет қосуыңызға болады. Ол үшін:

  1. LibreOffice Writer көмегімен бос PDF құжатын жасаңыз.

  2. Бос бетті соңына қойып, PDF-Shuffler арқылы бос PDF-ті құжатыңызбен біріктіріңіз.

  3. 8-беттік кітапшаны басып шығару қадамдарын орындаңыз.