Аңдатпаларды баптау

  1. Құжаттағы аңдатпа таңбашасына тышқанның оң жақ батырмасымен шертіңіз.

  2. Аңдатпа қасиеттері… таңдаңыз.

  3. Аңдатпа қасиеттері сұхбат терезесінде ескертпеңіздің авторын, түсін, стилін және таңбашасын өзгерте аласыз.

    Аңдатпа қасиеттері тек сіз өзгертулер жасаған ескертпеге ғана іске асырылады. Әр ескертпенің өз қасиеттер жиынтығы болуы мүмкін.

Бастапқы аңдатпа қасиеттерін біржола өзгерте аламын ба?

Бастапқы аңдатпа қасиеттерін (авторы, түсі, стилі және таңбашасы) жоғарыда айтылғандай тек нақты бір ескертпе үшін өзгертуге болады. Сондықтан, егер сіз ескертпелердің барлық таңбашалары сары емес, қызыл болғанын қаласаңыз, бастапқы мәнді әр ескертпеде жеке-жеке сарыдан қызылға өзгертуіңіз керек. Қазіргі уақытта аңдатпа қасиеттері үшін басқа бастапқы баптауларды сақтау мүмкіндігі жоқ.