3 немесе 4-беттік кітапша

Егер сізде 3 беттік PDF құжаты болса, оны 4 беттік ету үшін бос бет қосуыңыз керек. Ол үшін:

  1. LibreOffice Writer көмегімен бос PDF жасаңыз.

  2. Бос бетті соңына қойып, PDF-Shuffler арқылы бос бетті құжатыңызбен біріктіріңіз.

Басып шығару үшін:

  1. Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Басып шығару батырмасын басыңыз.

  2. Жалпы бетін таңдаңыз.

    Ауқым бөлімінде Беттер таңдаңыз.

    Бет нөмірлерін мына ретпен теріңіз: 4, 1, 2, 3

  3. Бет баптаулары бетін таңдаңыз.

    Жайма бөліміндегі Екі жақты мәзірінен Бір жақты таңдаңыз.

    Бір жағындағы беттер саны мәзірінен 2 таңдаңыз.

    Беттер реті мәзірінен Солдан оңға таңдаңыз.

    Тек қана басып шығару мәзірінен Тақ парақтарды таңдаңыз.

  4. Басып шығару батырмасын шертіңіз.

  5. Барлық беттер басып шығарылғаннан кейін, парақтарды аударып, принтерге қайта салыңыз.

  6. Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Басып шығару батырмасын басыңыз.

  7. Бет баптаулары бетін таңдаңыз.

    Тек қана басып шығару мәзірінен Жұп парақтарды таңдаңыз.

  8. Басып шығару батырмасын шертіңіз.