Басып шығару үшін бетті масштабтау
Егер құжатыңыздың қағаз өлшемін өзгерткіңіз келсе (мысалы, US Letter өлшемді PDF-ті A4 қағазына басып шығару), құжаттың басып шығару пішімін өзгерте аласыз.
Терезенің жоғарғы оң жағындағы мәзірді ашып, Басып шығару… таңдаңыз.
Бетпен жұмыс істеу бетін таңдаңыз.
-
Ашылмалы тізімнен Бетті масштабтау опциясын таңдаңыз.
Ешқандай: бетті масштабтауды орындамау.
Басып шығарылатын аймаққа дейін кішірейту: басып шығарылатын аймақтан үлкен құжат беттері принтер бетінің басып шығарылатын аймағына сыйдыру үшін кішірейтіледі.
Басып шығарылатын аймаққа сыйдыру: құжат беттері принтер бетінің басып шығарылатын аймағына сыйдыру үшін қажетінше үлкейтіледі немесе кішірейтіледі.
Құжатты басып шығару үшін Басып шығару батырмасын шертіңіз.