n-беттік кітапша

n саны 4-ке еселі.

Егер PDF құжатыңыздағы беттер саны 4-ке еселі болмаса, оны 4-ке еселі ету үшін тиісті бос беттер санын (1, 2 немесе 3) қосуыңыз керек. Ол үшін:

  1. LibreOffice Writer көмегімен бос PDF жасаңыз.

  2. Бос беттерді соңына қойып, PDF-Shuffler арқылы бос беттерді құжатыңызбен біріктіріңіз.

  1. Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Басып шығару батырмасын басыңыз.

  2. Жалпы бетін таңдаңыз.

    Ауқым бөлімінде Беттер таңдаңыз.

    • Бет нөмірлерін мына ретпен теріңіз:
      • n, 1, 2, n-1, n-2, 3, 4, n-3, n-4, 5, 6, n-5, n-6, 7, 8, n-7, n-8, 9, 10, n-9, n-10, 11, 12, n-11...
      • ...беттердің n-санын тергенше.
  3. Бет баптаулары бетін таңдаңыз.

    Жайма бөліміндегі Екі жақты мәзірінен Қысқа жиегі (Аударып тастау) таңдаңыз.

    Бір жағындағы беттер саны опциясынан 2 таңдаңыз.

    Беттер реті мәзірінен Солдан оңға таңдаңыз.

  4. Басып шығару батырмасын шертіңіз.