5-беттік кітапша

  1. Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Басып шығару батырмасын басыңыз.

  2. Жалпы бетін таңдаңыз.

    Ауқым бөлімінде Беттер таңдап, келесіні теріңіз: 1

  3. Бет баптаулары бетін таңдаңыз.

    Жайма бөліміндегі Екі жақты опциясынан Қысқа жиегі (Аударып тастау) таңдаңыз.

    Бір жағындағы беттер саны опциясынан 2 таңдаңыз.

    Беттер реті мәзірінен Оңнан солға таңдаңыз.

    Басып шығару батырмасын шертіңіз.

  4. Бет басып шығарылғаннан кейін, қағазды алып, оның бағытының дұрыстығын қадағалап, принтерге қайта салыңыз (2-ші бет оның екінші жағына басып шығарылады).

  5. Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Басып шығару батырмасын басыңыз.

    Жалпы бетін таңдаңыз.

    Ауқым бөлімінде Беттер таңдап, келесіні теріңіз: 2

  6. Бет баптаулары бетін таңдаңыз.

    Беттер реті мәзірінен Солдан оңға таңдаңыз.

    Басып шығару батырмасын шертіңіз.

  7. 3-ші бетті басып шығару үшін терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Басып шығару батырмасын басыңыз.

    Жалпы бетінде, Беттер таңдауына бет нөмірін енгізіңіз.

  8. Бет баптаулары бетін таңдаңыз.

    Беттер реті мәзірінен Оңнан солға таңдаңыз.

    Басып шығару батырмасын шертіңіз.

  9. 3-ші бет басып шығарылғаннан кейін, қағазды оның бағытының дұрыстығын қадағалап, принтерге қайта салыңыз (4 және 9-шы беттер екінші жағына басып шығарылады).

  10. Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Басып шығару батырмасын басыңыз.

    Жалпы бетінде, Беттер таңдауына 4, 9 беттерін енгізіңіз.

    Бет баптаулары бетін таңдаңыз.

    Беттер реті мәзірінен Солдан оңға таңдаңыз.

    Басып шығару батырмасын шертіңіз.

8-беттік кітапшаны басып шығару оңайырақ. PDF құжатыңыз 8 беттік болуы үшін оған 3 бос бет қосуыңызға болады. Ол үшін:

  1. LibreOffice Writer көмегімен 3 беттік бос PDF құжатын жасаңыз.

  2. Бос беттерді соңына қойып, PDF-Shuffler арқылы бос PDF-ті құжатыңызбен біріктіріңіз.

  3. 8-беттік кітапшаны басып шығару қадамдарын орындаңыз.