3-беттік кітапша

  1. Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Басып шығару батырмасын басыңыз.

  2. Жалпы бетін таңдаңыз.

    Ауқым бөлімінде Беттер таңдаңыз. Бет нөмірлерін мына ретпен теріңіз: 3, 2, 1

  3. Бет баптаулары бетін таңдаңыз.

    Жайма бөліміндегі Екі жақты опциясынан Қысқа жиегі (Аударып тастау) таңдаңыз.

    Бір жағындағы беттер саны опциясынан 2 таңдаңыз.

    Беттер реті мәзірінен Оңнан солға таңдаңыз.

  4. Басып шығару батырмасын шертіңіз.

4-беттік кітапшаны басып шығару оңайырақ. PDF құжатыңыз 4 беттік болуы үшін оған бос бет қосуыңызға болады. Ол үшін:

  1. LibreOffice Writer көмегімен бос PDF жасаңыз.

  2. Бос бетті соңына қойып, PDF-Shuffler арқылы бос бетті құжатыңызбен біріктіріңіз.

  3. 4-беттік кітапшаны басып шығару қадамдарын орындаңыз.