14-беттік кітапша
Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Басып шығару батырмасын басыңыз.
-
Жалпы бетін таңдаңыз.
Ауқым бөлімінде Беттер опциясын таңдаңыз.
Бет нөмірлерін мына ретпен теріңіз: 14, 3, 4, 13, 12, 5, 6, 11, 10, 7, 8, 9, 2
-
Бет баптаулары бетін таңдаңыз.
Жайма бөліміндегі Екі жақты опциясынан Қысқа жиегі (Аударып тастау) таңдаңыз.
Бір жағындағы беттер саны опциясынан 2 таңдаңыз.
Беттер реті мәзірінен Солдан оңға таңдаңыз.
Басып шығару батырмасын шертіңіз.
Беттер басып шығарылғаннан кейін, 2-ші беті бар қағазды алып, оның бағытының дұрыстығын қадағалап, принтерге қайта салыңыз (1-ші бет оның екінші жағына басып шығарылады).
Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Басып шығару батырмасын басыңыз.
-
Жалпы бетін таңдаңыз.
Ауқым бөлімінде Беттер опциясын таңдап, келесіні теріңіз: 1
-
Бет баптаулары бетін таңдаңыз.
Беттер реті мәзірінен Оңнан солға таңдаңыз.
Басып шығару батырмасын шертіңіз.
16-беттік кітапшаны басып шығару оңайырақ. PDF құжатыңыз 16 беттік болуы үшін оған 2 бос бет қосуыңызға болады. Ол үшін:
LibreOffice Writer көмегімен 2 беттік бос PDF құжатын жасаңыз.
Бос беттерді соңына қойып, PDF-Shuffler арқылы бос PDF-ті құжатыңызбен біріктіріңіз.
16-беттік кітапшаны басып шығару қадамдарын орындаңыз.