10-беттік кітапша

  1. Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Басып шығару батырмасын басыңыз.

  2. Жалпы бетін таңдаңыз.

    Ауқым бөлімінде Беттер опциясын таңдаңыз.

    Бет нөмірлерін мына ретпен теріңіз: 10, 3, 4, 9, 8, 5, 6, 7, 2

  3. Бет баптаулары бетін таңдаңыз.

    Жайма бөліміндегі Екі жақты опциясынан Қысқа жиегі (Аударып тастау) таңдаңыз.

    Бір жағындағы беттер саны опциясынан 2 таңдаңыз.

    Беттер реті мәзірінен Солдан оңға таңдаңыз.

    Басып шығару батырмасын шертіңіз.

  4. Беттер басып шығарылғаннан кейін, 2-ші беті бар қағазды алып, оның бағытының дұрыстығын қадағалап, принтерге қайта салыңыз (1-ші бет оның екінші жағына басып шығарылады).

  5. Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Басып шығару батырмасын басыңыз.

  6. Жалпы бетін таңдаңыз.

    Ауқым бөлімінде Беттер опциясын таңдап, келесіні теріңіз: 1

  7. Бет баптаулары бетін таңдаңыз.

    Беттер реті мәзірінен Оңнан солға таңдаңыз.

    Басып шығару батырмасын шертіңіз.

12-беттік кітапшаны басып шығару оңайырақ. PDF құжатыңыз 12 беттік болуы үшін оған 2 бос бет қосуыңызға болады. Ол үшін:

  1. LibreOffice Writer көмегімен 2 беттік бос PDF құжатын жасаңыз.

  2. Бос беттерді соңына қойып, PDF-Shuffler арқылы бос PDF-ті құжатыңызбен біріктіріңіз.

  3. 12-беттік кітапшаны басып шығару қадамдарын орындаңыз.