Кілтке қосымша пайдаланушы идентификаторларын қосу

Кілттің бірнеше пайдаланушы идентификаторы болуы мүмкін. Бұл бірнеше адаммен сөйлесу кезінде бір кілтті пайдаланғыңыз келсе және олардың біреуі, айталық, пайдаланушы идентификаторыңыздағы электрондық пошта адресін танымаса пайдалы. Бұл адам сіздің ашық кілтіңізді импорттағысы келмеуі мүмкін, себебі онда өздері білмейтін ақпарат бар. Мұндай жағдайларда, егер сіз басқа пайдаланушы идентификаторымен жаңа кілт жасағыңыз келмесе, бар кілтіңізге жаңа пайдаланушы идентификаторын тіркей аласыз.

Қосымша пайдаланушы идентификаторын қосу үшін:

  1. Сол жақ панельден GnuPG кілттері кілттер бауын таңдаңыз.

  2. Тізімнен қалаған Жеке PGP кілтін таңдаңыз.

  3. Кілтті оң жақпен шертіп, Қасиеттері ▸ Аттар мен қолтаңбалар тармағын таңдаңыз.

  4. Жаңа пайдаланушы идентификаторын қосу үшін Атты қосу батырмасын басыңыз.

  5. Жаңа сұхбат терезесінде жаңа пайдаланушы идентификаторы үшін Толық аты-жөні, Электрондық пошта адресі және Кілтке түсініктеме сияқты мәліметтерді толтырыңыз.

  6. Дұрыс кілттік фразаны енгізіп, аяқтау үшін ОК басыңыз.

Жаңа пайдаланушы идентификаторыңыз енді Аттар мен қолтаңбалар панелінде тізімделеді.

Егер кілтіңіз кілттер серверінде жарияланған болса, кілттің қашықтағы көшірмесін жаңарту үшін жаңа пайдаланушы идентификаторларын қосқаннан кейін оны синхрондаңыз.