Кілттер бауы деген не?
Шын өмірдегі кілттер бауы белгілі бір кілттер жиынтығын бірге ұстауға мүмкіндік беретіні сияқты, Парольдер мен кілттер қолданбасындағы кілттер бауы парольдер мен кілттерді бөлек топтарда сақтауға мүмкіндік береді.
Парольдер мен кілттер қолданбасын алғаш рет ашқанда, сіз топтастырылған кілттер мен парольдерді көресіз. Кіру кілттер бауында Web, Желілік тіркелгілер және т.б. сияқты GNOME қолданбалары үшін сақталған парольдерді таба аласыз. Кіру кілттер бауы — Парольдер мен кілттер қолданбасындағы бастапқы кілттер бауы.