Пайдаланушы идентификаторын кілттен ажырату
Барлық кілттердің кем дегенде бір пайдаланушы идентификаторы болуы маңызды болғанымен, кілтке тіркелген кез келген қосымша пайдаланушы идентификаторларын өшіруге болады.
PGP кілтінен пайдаланушы идентификаторын өшіру үшін:
Сол жақ панельден GnuPG кілттері кілттер бауын таңдаңыз.
Тізімнен Жеке PGP кілтін таңдаңыз.
Таңдалған кілтті оң жақпен шертіп, Қасиеттері ▸ Аттар мен қолтаңбалар тармағын таңдаңыз.
Өшіргіңіз келетін пайдаланушы идентификаторын таңдап, Өшіру басыңыз.
Кілттің қашықтағы көшірмесіндегі өзгертулерді жаңарту үшін пайдаланушы идентификаторын ажыратқаннан кейін кілттеріңізді синхрондаңыз.