Негізгі пайдаланушы идентификаторы деген не?
Сізде бірнеше пайдаланушы идентификаторы болған кезде, пайдаланушы идентификаторларының бірі негізгі пайдаланушы идентификаторы болып тағайындалады. Парольдер мен кілттер басқа пайдаланушы идентификаторын нақты таңдамайынша, шифрлеу немесе қол қою кезінде кілт ақпаратымен бірге әдепкі бойынша негізгі пайдаланушы идентификаторын тіркейді.
PGP кілтіндегі негізгі пайдаланушы идентификаторын өзгерту үшін:
Сол жақ панельден GnuPG кілттері кілттер бауын таңдаңыз.
Тізімнен Жеке PGP кілтін таңдаңыз.
Таңдалған кілтті оң жақпен шертіп, Қасиеттері ▸ Аттар мен қолтаңбалар тармағын таңдаңыз.
Тізімнен жаңа негізгі пайдаланушы идентификаторын таңдап, Негізгі басыңыз.
Пайдаланушы идентификаторы негізгі пайдаланушы идентификаторы болу үшін Аттар мен қолтаңбалар тізімінің жоғарғы жағына жылжиды.
Кілттің қашықтағы көшірмелерін жаңарту үшін негізгі пайдаланушы идентификаторын өзгерткеннен кейін кілттерді синхрондаңыз.