Глоссарий
Парольдер мен кілттер файлдарыңыз бен байланысыңызды қорғау үшін пайдаланылатын токендерді жасауға және басқаруға көмектеседі. Осы анықтаманы оқу кезінде кездесетін кейбір негізгі терминдер:
- Шифрлеу
Шифрлеу — маңызды файлдар мен деректерді тағайындалған алушыдан басқа ешкім оқи алмайтындай ету процесі. Деректерді шифрлегенде, ол сандар мен әріптердің араласқан тізбегіне айналады. Шифрлеуді қорғалған файлды немесе қорғалған сөйлесудегі хабарламаны жіберетін адам орындайды.
- Алгоритм
Алгоритм — деректерді шифрлеу немесе дешифрлеу үшін қолданылатын қадамдар тізбегі.
- Дешифрлеу
Дешифрлеу — шифрленген хабарламадан немесе файлдан түпнұсқа мәтінді алу процесі. Оны қорғалған файлды немесе хабарламаны алушы орындайды. Шифрленген хабарламаларды алдымен дешифрлемейінше түсіну мүмкін емес.
- Ашық мәтін
Шифрленбеген және оған қол жеткізе алатын кез келген адам оқи алатын кез келген дерек немесе файл ашық мәтін деп аталады.
- Кілт
Кілт файлдар мен байланысты шифрлеу және дешифрлеу үшін қолданылады. Кілт қашықтағы компьютерге кіру үшін де пайдаланылуы мүмкін. Кілттердің кейбір түрлері — PGP кілттері және SSH кілттері.
- Кілттер бауы
Кілттер бауы — парольдер немесе кілттер жиынтығы.