PGP кілті деген не?

PGP кілті — бұл ашық шифрлеу кілті. PGP кілтін электрондық пошталар мен файлдарға қол қою және оларды шифрлеу үшін пайдалануға болады. PGP кілтін жасаған кезде ашық кілт пен жабық кілттен тұратын кілттер жұбы жасалады. Ашық кілтті сізге шифрленген хабарламалар немесе файлдар жібергісі келетін кез келген адаммен бөлісе аласыз, бірақ жабық кілт тек сізге ғана мәлім болуы керек және алынған хабарламаларды дешифрлеу үшін қолданылуы тиіс.

PGP кілттерін пайдаланып деректерді шифрлеу және қол қою

Парольдер мен кілттер — кілттерді басқаруға арналған қолданба. Оны файлдар мен хабарламаларды шифрлеу немесе қол қою үшін пайдалану мүмкін болмаса да, оны сенімді кілттерге қол қою үшін пайдалануға болады.

Байланысты қауіпсіз ету үшін шифрлеу және қол қою қызметтерін ұсынатын Evolution сияқты электрондық пошта клиенттерін пайдалануға болады.