Құжатты басып шығара алмаймын

Басып шығару сәтсіздігінің ықтимал себептері

Құжат келесі себептерге байланысты басып шығарылмауы мүмкін:

  • Принтер мәселелері немесе,

  • PDF басып шығару шектеулері.

Принтер мәселелері

Принтеріңіздің жұмыс істемеуінің көптеген себептері болуы мүмкін. Мысалы, қағаз немесе сия таусылуы, немесе желіден ажыратылған немесе зақымдалған болуы мүмкін.

Принтеріңіздің дұрыс басып шығарып жатқанын тексеру үшін:

  1. Әрекеттер шолуын ашып, Баптаулар деп тере бастаңыз.

  2. Баптаулар үстінен шертіңіз.

  3. Бүйірлік панельдегі Принтерлер тармағын шертіңіз.

  4. Принтердің жанындағы баптаулар батырмасын шертіңіз.

  5. Басып шығару опциялары таңдаңыз.

  6. Сынақ беті батырмасын шертіңіз. Бет принтеріңізге жіберілуі керек.

    Егер бұл сәтсіз аяқталса, Басып шығару анықтамасын қараңыз. Сондай-ақ тағы не істеуге болатынын көру үшін принтеріңіздің нұсқаулығын қарауыңыз қажет болуы мүмкін.

PDF басып шығару шектеулері

Кейбір PDF құжаттарында оларды басып шығаруға жол бермейтін баптау бар. Авторлар бұл басып шығару шектеуін құжатты жазған кезде орната алады. Құжаттарды қарау құралы бұл шектеуді әдепкі бойынша елемейді, бірақ оның сөндірілмегенін тексергіңіз келуі мүмкін:

Бұл баптауды өзгерту үшін компьютеріңізде dconf Editor орнатылған болуы керек.

  1. Әрекеттер шолуын ашып, dconf Editor деп тере бастаңыз.

  2. dconf Editor үстінен шертіңіз.

  3. /org/gnome/papers мекенжайына өтіңіз.

  4. override-restrictions опциясы белгіленгеніне көз жеткізіңіз.

  5. Құжаттарды қарау құралына қайтып оралып, құжатты қайтадан басып шығарып көріңіз.