Аударуға көмектесу
Құжаттарды қарау құралының интерфейсі мен құжаттамасын бүкіл әлемдегі еріктілер қауымдастығы аударып жатыр. Сіздің қатысуыңызға қуаныштымыз.
Әлі де аударманы қажет ететін көптеген тілдер бар.
Аударуды бастау үшін тіркелгі жасау және өз тіліңіздің аудару тобына қосылу қажет. Бұл сізге жаңа аудармаларды жүктеп салу мүмкіндігін береді.
Сіз GNOME аудармашыларымен Matrix желісіндегі #i18n:gnome.org арнасында немесе irc.libera.chat желісіндегі #gnome-i18n арнасында сөйлесе аласыз. Арнадағы адамдар бүкіл әлемде орналасқан, сондықтан уақыт белдеулерінің айырмашылығына байланысты бірден жауап ала алмауыңыз мүмкін.
Сонымен қатар, GNOME Discourse арқылы Интернационализация тобымен байланысуға болады.