Құжатты SVG форматына түрлендіру
Келесі пішімдегі құжаттарды SVG файлдарына түрлендіруге болады:
Portable Document Format (.pdf)
Бұл файлды Құжаттарды қарау құралында ашып, құжатты SVG файлы ретінде "басып шығару" арқылы жүзеге асады.
Жоғарғы оң жақ бұрыштағы Файл опциялары мәзірін нұқып, Басып шығару тармағын таңдаңыз немесе Ctrl+P басыңыз.
Файлға басып шығару таңдап, Шығыс пішімі ретінде SVG таңдаңыз.
Файлды сақтау үшін ат пен буманы таңдап, Басып шығару батырмасын шертіңіз. SVG файлы сіз таңдаған бумада сақталады.