Форманы сақтау
Форманы толтырғаннан кейін оны екі тәсілдің бірімен сақтағыңыз келуі мүмкін:
-
Болашақта түзетуге болатын көшірмені сақтау үшін (форма интерактивті болып қалады):
Жоғарғы оң жақ бұрыштағы Файл опциялары мәзірін нұқып, Басқаша сақтау… тармағын таңдаңыз немесе пернетақтадағы Ctrl+S басыңыз.
Файлды сақтау үшін ат пен буманы таңдап, Сақтау батырмасын шертіңіз. PDF сіз таңдаған бумада сақталады.
-
Енді түзетуге болмайтын көшірмені сақтау үшін (мысалы, форманы электрондық пошта арқылы жіберу немесе желіде тапсыру үшін):
Жоғарғы оң жақ бұрыштағы Файл опциялары мәзірін нұқып, Басып шығару тармағын таңдаңыз немесе пернетақтадағы Ctrl+P басыңыз.
Файлға басып шығару таңдап, Шығыс пішімі ретінде PDF таңдаңыз.
Файлды сақтау үшін ат пен буманы таңдап, Басып шығару батырмасын шертіңіз. PDF сіз таңдаған бумада сақталады.
Шифрланған файлдардың көшірмелерін сақтауға немесе басып шығаруға болмайды.