Құжат бойынша жылжу
Құжаттың әр беті бойынша келесі әдістердің кез келгенімен жылжуға болады:
-
Тышқан дөңгелегін пайдаланып жоғары және төмен айналдыру. Бет бойынша тек тышқанды жылжыту арқылы қозғалу үшін:
Бетті оң жақ батырмамен шертіп, Автоайналдыру таңдаңыз.
Төмен айналдыру үшін тышқан курсорын терезенің төменгі жағына қарай жылжытыңыз; терезенің неғұрлым төменгі жағына барсаңыз, ол соғұрлым тезірек айналады.
Автоайналдыруды тоқтату үшін құжаттың кез келген жерін шертіңіз.
Құжат терезесіндегі айналдыру жолағын пайдалану.
Пернетақтадағы жоғары және төмен бағдарша пернелерін пайдалану.
-
Бетті тышқанмен ұстап алғандай сүйреу. Ол үшін:
Тышқан курсорын беттің үстіне апарып, оны сүйреп апару үшін ортаңғы тышқан батырмасын басып тұрыңыз.
Егер ортаңғы тышқан батырмасы болмаса, сол және оң жақ тышқан батырмаларын бір уақытта басып тұрып, сүйреңіз.
Беттер арасында ауысу
Құжат беттері арасында келесі әдістердің бірімен ауысуға болады:
Пернетақтадағы Ctrl+Page Up немесе Ctrl+Page Down батырмаларын басыңыз.
-
Белгілі бір бетке өту үшін:
жоғарғы колонтитул жолағындағы Бетті таңдау өрісіне бет нөмірін теріп, Enter басыңыз.
-
Егер құжаттың басына немесе соңына өткіңіз келсе:
Пернетақтадағы Ctrl+Home басыңыз.
Пернетақтадағы Ctrl+End басыңыз.
-
Бір уақытта он бетке жылжу үшін Shift+Page Up немесе Shift+Page Down басыңыз.
Әдетте, сіз бір уақытта тек бір бетке жылжи аласыз. Егер беттер арасында тек айналдыру немесе сүйреу арқылы ауысқыңыз келсе, терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Үздіксіз таңдаңыз.
Масштабтау
Масштаб деңгейін реттеу үшін:
-
Жоғарғы оң жақ бұрыштағы ашылмалы мәзірден қажетті масштаб пайызын таңдаңыз.

Сонымен қатар, жақындату үшін Ctrl++ немесе алыстату үшін Ctrl+- пернетақта жарлықтарын пайдаланыңыз.
Болмаса, Ctrl пернесін басып тұрып, масштабтау үшін тышқанның айналдыру дөңгелегін пайдаланыңыз.
Бетке сыйдыру опциясы құжат бетін терезенің бүкіл биіктігіне сыйдырады.
Ені бойынша сыйдыру опциясы құжат бетін терезенің бүкіл еніне толтырады.
Егер сіз кітаптағыдай қатар тұрған екі бетті бірден көргіңіз келсе, терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Қос беттік таңдаңыз.
Егер allow-links-change-zoom gsetting мәні false болып орнатылса, сілтемелердің масштаб деңгейін өзгертуіне тыйым салынады.
Құжатты көру үшін бүкіл экранды пайдалана аласыз:
F11 басыңыз.
-
Толық экран режимінен шығу үшін:
F11 немесе Escape басыңыз