Құжаттарды Құжаттарды қарау құралында түзетуге бола ма?
Құжаттарды қарау құралын құжаттарға өзгерістер енгізу үшін пайдалануға болмайды. Өзгерткіңіз келетін файл түріне сәйкес келетін түзету қолданбасын пайдалануыңыз керек.
PDF файлдары әдетте түзетуге арналмаған, бірақ PDF түзетуге арналған бағдарламалық қамтама бар. Мысалы, LibreOffice Draw немесе Okular қолданып көріңіз. Сонымен қатар, pdfarranger беттерді қайта реттеуге немесе өшіруге және файлдарды біріктіруге мүмкіндік береді.