Мен таңдаған мәтін неге дұрыс көшірілмеді?

Егер сіз Құжаттарды қарау құралы арқылы құжаттан мәтінді ерекшелеп көшіріп, содан кейін оны басқа қолданбаға кірістірсеңіз, пішімдеу өзгеруі мүмкін. Онда түпнұсқа таңдаудан басқа таңбалар да болуы мүмкін. Бұл көбінесе мәтінді бірнеше бағаннан тұратын PDF құжатынан көшіргенде болады.

Бұл мәселе кейбір құжат пішімдерінің мәтінмен жұмыс істеу тәсіліне байланысты туындайды. Құжаттағы нақты мәтін оның көрсетілу тәсілінен басқаша сақталады. Бұл күтілгендей көрінбейтін көшірмеге әкелуі мүмкін.

Өкінішке орай, бұл мәселені шешудің нақты жолы жоқ. Бір уақытта азырақ мәтін көшіру немесе мәтінді мәтіндік редакторға (мысалы, gedit) көшіру мәселені азайтуы мүмкін.