Бетбелгілер

Құжаттарды қарау құралы арқылы бетбелгілерді қосуға, атын өзгертуге және өшіруге болады.

Файлды ашқанда, терезенің сол жағында бүйірлік панель болуы керек. Егер бүйірлік панель көрінбесе, жоғарғы сол жақ бұрыштағы Бүйірлік панель батырмасын басыңыз немесе пернетақтадағы F9 пернесін басыңыз.

Осы бүйірлік панельдің төменгі жағында Бетбелгілер батырмасын таңдаңыз.

Бетбелгі жасау

  1. PDF құжатының өзінде бетбелгі қосу керек бетке өтіңіз.

  2. Бүйірлік панельде төменгі жағындағы Бетбелгілер батырмасын таңдаңыз.

  3. Бүйірлік панельдің төменгі жағындағы + батырмасын басыңыз. Сіз жаңадан қосқан бетбелгінің әдепкі аты — құжаттың бет нөмірі.

  4. Бетбелгі енді бетбелгілер тізімінде көрсетіледі.

Бетбелгінің атын өзгерту

  1. Бүйірлік панельде төменгі жағындағы Бетбелгілер батырмасын таңдаңыз.

  2. Бүйірлік панельде бетбелгіні таңдаңыз.

  3. Бетбелгі атының үстінен шертіңіз.

  4. Жаңа атын енгізіңіз.

  5. Enter басыңыз.

Бетбелгіні өшіру

  1. Бүйірлік панельде төменгі жағындағы Бетбелгілер батырмасын таңдаңыз.

  2. Бүйірлік панельдің төменгі жағындағы - батырмасын басыңыз.