Аңдатпалар навигациясы

Егер сіз құжатыңызда аңдатпалар жасаған болсаңыз, құжаттағы барлық аңдатпалардың тізімін көрсету үшін бүйірлік панельді пайдалануға болады. Тізім аңдатпаның түрін, бет нөмірі мен авторын көрсетеді.

Белгілі бір аңдатпаның орнына жылдам өту үшін бет нөмірінің сол жағындағы бағдаршаны нұқыңыз. Сіз сол беттегі аңдатпалар тізімін көресіз. Сізді қызықтыратын аңдатпаны нұқыңыз, сонда Құжаттарды қарау құралы құжаттағы аңдатпаның орнына өтеді.