Құжатты ашу

Құжатты келесі тәсілдердің кез келгенімен ашуға болады:

  • Файлдар немесе файл менеджеріндегі файлды екі рет шертіңіз.

    PDF, .djvu және Comic Book Archive файлдарын екі рет шерту оларды әдепкі бойынша Құжаттарды қарау құралында ашады.

  • Файлдар қолданбасында файл таңбашасын оң жақ батырмамен шертіп, Көмегімен ашу ▸ Құжаттарды қарау құралы таңдаңыз.

Егер бос Құжаттарды қарау құралы терезесі ашық болса, сіз:

  • Файлды Файлдар қолданбасынан терезеге сүйреп апарыңыз. Жаңа файл сол терезеде ашылады.

  • Терезенің жоғарғы сол жақ бұрышындағы Ашу… батырмасын басыңыз. Құжатты ашу сұхбат терезесінде ашқыңыз келетін файлды таңдап, Ашу батырмасын шертіңіз. Файл сол терезеде ашылады.

Егер құжат Құжаттарды қарау құралы терезесінде ашық болса, сіз:

  • Файлды Файлдар қолданбасынан терезеге сүйреп апарыңыз. Жаңа файл жаңа терезеде ашылады.

  • Ctrl+O басыңыз. Құжатты ашу сұхбат терезесінде ашқыңыз келетін файлды таңдап, Ашу батырмасын шертіңіз. Файл жаңа терезеде ашылады.