Командалық жол
Құжаттарды қарау құралын командалық жолдан іске қосу үшін papers теріңіз. papers командасынан кейін файл атын теру арқылы белгілі бір файлды ашуға болады:
papers file.pdfpapers командасынан кейін файл аттарын бос орынмен бөліп жазу арқылы бірнеше файлды ашуға болады:
papers file1.pdf file2.pdfҚұжаттарды қарау құралы сонымен қатар желідегі файлдарды өңдеуді қолдайды. Мысалы, papers командасынан кейін желідегі файлдың орналасқан жерін көрсетуге болады:
papers http://www.claymath.org/millennium/P_vs_NP/pvsnp.pdfҚұжатты белгілі бір беттен ашу
Құжатты белгілі бір беттен ашу үшін --page-label ауыстырып-қосқышын пайдалануға болады. Мысалы, құжатты 3-ші беттен ашу үшін келесіні тересіз:
papers --page-label=3 file.pdfБет белгісі Құжаттарды қарау құралының жоғарғы колонтитул жолағында көрсетілген бет нөмірімен бірдей пішімде болуы керек.
Құжатты толық экран режимінде ашу
papers --fullscreen file.pdfҚұжатты презентация режимінде ашу
papers --presentation file.pdfҚұжатты алдын ала қарау режимінде ашу
papers --preview file.pdf