Презентациялар

Презентацияны бастау

Презентацияны бастау үшін:

  1. Файлды ашыңыз

  2. Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Слайдшоу ретінде көрсету таңдаңыз (немесе F5 басыңыз).

    Презентация толық экранда көрсетіледі.

Презентация бойынша жылжу

Келесі слайдқа өту үшін бос орын, , немесе тышқанның сол жақ батырмасын пайдаланыңыз.

Алдыңғы слайдқа өту үшін , немесе тышқанның оң жақ батырмасын пайдаланыңыз.

Сондай-ақ, презентация бойынша алға-артқа жылжу үшін айналдыру дөңгелегін пайдалануға болады.

Презентациятан шығу үшін Esc пайдаланыңыз.

Бос экранды көрсету

Қара экранды көрсету үшін B немесе . басыңыз.

Ақ экранды көрсету үшін W басыңыз.

Слайдты қайта көрсету үшін B, . немесе W пернесін қайтадан басыңыз.

Қолдау көрсетілетін презентация файл пішімдері

Келесі файл пішімдерін презентациялар үшін пайдалануға болады:

  • Comic Book Archive (.cbr және .cbz)

  • DjVu (.djvu, .djv)

  • Open Document Presentation (.odp)

  • Portable Document Format (.pdf)