Аңдатпаларды өшіру
Аңдатпа — бұл PDF құжатына қосылған ескертпе немесе пікір. Сіз немесе басқа адамдар қосқан аңдатпаларды өшіруге болады.
Аңдатпасы бар бетті қараңыз. Қай беттерде аңдатпа бар екеніне сенімді болмасаңыз, оларды аңдатпалардың бүйірлік панелінен табыңыз.
Құжаттағы аңдатпа таңбашасының үстінен оң жақ батырмамен шертіп, Аңдатпаны өшіру тармағын таңдаңыз.
Жоғарғы оң жақтағы мәзір батырмасын, содан кейін Басқаша сақтау… батырмасын шертіп, өзгерістерді жаңа құжатқа сақтаңыз.