Аңдатпаларды қосу

Аңдатпа — бұл PDF құжатына қосылған ескертпе немесе пікір. Құжаттарды қарау құралы арқылы аңдатпаларды қосуға болады.

Файлды ашқанда, терезенің сол жағында бүйірлік панель болуы керек. Егер бүйірлік панель көрінбесе, жоғарғы сол жақ бұрыштағы Бүйірлік панель батырмасын басыңыз немесе пернетақтадағы F9 пернесін басыңыз.

Бүйірлік панельдің төменгі жағындағы Эскиздер, Құрылым, Аңдатпалар және Бетбелгілер батырмалары бүйірлік панельде нені көрсету керектігін таңдауға мүмкіндік береді. (Кейбір опциялар кейбір құжаттар үшін қолжетімсіз болуы мүмкін).

Аңдатпа жасау үшін:

  1. Жоғарғы колонтитул жолағынан Құжатқа аңдатпа қосу батырмасын таңдаңыз:

    • Енді жоғарғы колонтитул жолағының астынан Мәтіндік ескертпе және Мәтінді ерекшелеу батырмаларын көруіңіз керек.

  2. Мәтіндік аңдатпа қосу үшін бірінші батырманы шертіңіз.

  3. Құжат терезесінде аңдатпаны қосқыңыз келетін жерді шертіңіз. Сіздің аңдатпа терезесі ашылады.

  4. Мәтінді аңдатпа терезесіне теріңіз.

    Ескертпенің төменгі бұрыштарының бірінде тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, оны жылжыту арқылы ескертпенің өлшемін өзгертуге болады.

  5. Ескертпенің жоғарғы бұрышындағы x белгісін шертіп, ескертпені жабыңыз.