Құжаттарды қарау құралына қатысты қате туралы хабарлау
Құжаттарды қарау құралын еріктілер қауымдастығы қолдайды. Сіздің қатысуыңызға қуаныштымыз. Егер сіз мәселені байқасаңыз, қате туралы есеп жібере аласыз. Қате туралы хабарлау үшін https://gitlab.gnome.org/GNOME/papers/issues/ мекенжайына өтіңіз.
Бұл — пайдаланушылар мен әзірлеушілер қателер, істен шығулар туралы мәліметтерді жібере алатын және жақсартуларды сұрай алатын қателерді бақылау жүйесі.
Қатысу үшін сізге қол жеткізу, қателерді жіберу және пікір қалдыру мүмкіндігін беретін тіркелгі қажет. Сондай-ақ, қатеңіздің күйі туралы электрондық пошта арқылы жаңартуларды алу үшін тіркелуіңіз керек. Егер сізде әлі тіркелгі болмаса, оны жасау үшін Sign in / Register сілтемесін басыңыз.
Тіркелгіңіз болғаннан кейін жүйеге кіріп, New issue батырмасын басыңыз. Қате туралы хабарламас бұрын, қате жазу нұсқауларын оқып шығыңыз және қатенің бұрыннан бар-жоғын білу үшін шолу жасаңыз.
Егер сіз жаңа мүмкіндікті сұрасаңыз, Labels мәзірінен 1. Feature таңдаңыз. Тақырыбы мен Сипаттамасы бөлімдерін толтырып, Submit Issue батырмасын басыңыз.
Сіздің есебіңізге идентификациялық нөмір беріледі және оның күйі ол өңделген сайын жаңартылып отырады.