Аңдатпалары бар PDF көшірмесін сақтау
Құжаттарды қарау құралы немесе аңдатпаларды қолдайтын кез келген басқа PDF қарау құралы арқылы болашақта көру үшін аңдатпалары бар PDF көшірмесін сақтау үшін:
Файл опциялары ▸ Басқаша сақтау… басыңыз
Файлды сақтау үшін ат пен буманы таңдап, Сақтау батырмасын шертіңіз. PDF сіз таңдаған бумада сақталады.
Аңдатпалар PDF спецификациясына сәйкес қосылады. Сондықтан көптеген PDF оқу құралдары оларды оқи алуы керек. Adobe Reader жұмыс істейтіні белгілі.