Қуат және батарея Батарея күйін тексеру — Батарея мен қосылған құрылғылардың күйін көрсету. Аз қуат тұтыну және батареяның жұмыс уақытын ұзарту — Компьютеріңіздің қуат тұтынуын азайту бойынша кеңестер. Батарея күйін пайызбен көрсету — Батарея пайызын жоғарғы панельде көрсету. Жүйеден шығу, қуатты өшіру немесе пайдаланушыларды ауыстыру — Жүйеден шығу, пайдаланушыларды ауыстыру және т.б. арқылы пайдаланушы тіркелгісінен қалай шығу керектігін біліңіз. Компьютерді күту режиміне өткізгенде не болады? — Күту режимі қуатты аз тұтыну үшін компьютерді ұйқы режиміне өткізеді. Неліктен қақпағын жапқанда компьютерім сөніп қалады? — Қуатты үнемдеу үшін, қақпағын жапқан кезде ноутбуктер күту режиміне өтеді. Ноутбук батареясын барынша тиімді пайдаланыңыз — «Батарея зарядының тым төмендеуіне жол бермеңіз» сияқты кеңестер. Пайдаланылмайтын сымсыз технологияларды сөндіру — Батареяны пайдалануды азайту үшін Bluetooth, Wi-Fi және мобильді кең жолақты байланысты сөндіруге болады. Қуатты үнемдеу баптаулары Автоматты жарықтықты іске қосу — Батарея қуатын үнемдеу үшін экран жарықтығын автоматты түрде басқару. Автоматты күту режимін баптау — Компьютерді автоматты түрде күту режиміне өтетіндей баптау. Неліктен менің экраным біраздан кейін күңгірттеніп кетеді? — Қуатты үнемдеу үшін компьютер әрекетсіз болғанда экран күңгірттенеді. Экранның сөну уақытын орнату — Қуатты үнемдеу үшін экранның сөну уақытын өзгертіңіз. Қуат профилін таңдау — Өнімділік пен батареяны пайдалануды теңестіру. Сұрақтар Батарея зарядының шамаланған уақыты қате — Батарея таңбашасы үстінен шерткенде көрсетілетін батарея зарядының уақыты шамаланған мән болып табылады. Неліктен компьютерім батарея заряды 10% болғанда сөніп қалды? — Батареяның толық таусылуына жол беру ол үшін зиянды. Неліктен менде батарея жұмыс уақыты Windows/Mac OS жүйелеріне қарағанда азырақ? — Өндірушінің баптаулары мен батарея жұмыс уақытының әртүрлі бағалануы бұл мәселеге себеп болуы мүмкін. Неліктен ноутбугім батареядан жұмыс істегенде баяу? — Кейбір ноутбуктер батареядан жұмыс істегенде әдейі баяулайды. Мәселелер Компьютерді оятқан кезде сымсыз желі жұмыс істемейді — Кейбір сымсыз құрылғыларда компьютер күту режиміне өткенде немесе одан дұрыс оянбағанда мәселелер туындайды. Компьютерім қатты қызып кетеді — Компьютерлер әдетте жылиды, бірақ тым қатты қызса, олар қызып кетуі мүмкін, бұл зақымдануға әкелуі мүмкін. Компьютерім қосылмай тұр — Бос кабельдер және аппараттық қамтама мәселелері ықтимал себептер болуы мүмкін. Компьютеріңіз басқа елдегі қуат көзімен жұмыс істей ме? — Компьютеріңіз жұмыс істейді, бірақ сізге басқа қуат кабелі немесе саяхат адаптері қажет болуы мүмкін. Неліктен мен оны күту режиміне өткізгеннен кейін компьютерім қайта қосылмайды? — Кейбір компьютер жабдықтары күту режимінде мәселелер тудырады. Ноутбук желдеткіші әрдайым жұмыс істеп тұр — Кейбір желдеткішті басқару бағдарламалық қамтамасы жетіспеуі мүмкін немесе ноутбугіңіз қатты қызып тұрған болар. Көбірек ақпарат Жабдық мәселелері Көбірек ақпарат Жабдықтар және драйверлер — Жабдықтарды баптау және мәселелерді диагностикалау, соның ішінде принтерлер, дисплейлер, дискілер және т.б. Пайдаланушы және жүйелік баптаулар — Аппараттық қамтаманы басқарудан бастап жекелік баптауларына дейін GNOME-ды өзіңізге ыңғайлы етіп баптаңыз.