Компьютерді оятқан кезде сымсыз желі жұмыс істемейді

Егер сіз компьютерді күту режиміне жіберсеңіз, оны қайта оятқанда сымсыз интернет қосылымының жұмыс істемейтінін байқауыңыз мүмкін. Бұл сымсыз құрылғыға арналған драйвер кейбір қуат үнемдеу мүмкіндіктерін толық қолдамағанда болады. Әдетте, компьютер оянған кезде сымсыз қосылым дұрыс қосылмай қалады.

Егер бұл орын алса, сымсыз желіні сөндіріп, қайта қосып көріңіз:

  1. Іс-әрекеттер шолуын ашып, Wi-Fi деп тере бастаңыз.

  2. Панельді ашу үшін Wi-Fi үстінен шертіңіз.

  3. Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы Wi-Fi ауыстырып-қосқышын сөндіріп, қайта қосыңыз.

  4. Егер сымсыз желі әлі де жұмыс істемесе, Ұшақ режимі ауыстырып-қосқышын іске қосып, содан кейін оны қайта сөндіріңіз.

Егер бұл көмектеспесе, компьютерді қайта іске қосу сымсыз желіні қайта жұмыс істетуі керек. Егер одан кейін де мәселелер туындаса, Ethernet кабелі арқылы интернетке қосылып, компьютеріңізді жаңартыңыз.