Жүйеден шығу, қуатты өшіру немесе пайдаланушыларды ауыстыру
Компьютерді пайдаланып болған соң, оны өшіруге, аялдатуға (қуатты үнемдеу үшін) немесе қосулы күйде қалдырып, жүйеден шығуға болады.
Жүйеден шығу немесе пайдаланушыларды ауыстыру

Басқа пайдаланушыларға компьютерді пайдалануға мүмкіндік беру үшін жүйеден шығуға немесе жүйеде қалып, пайдаланушыларды ауыстыруға болады. Егер пайдаланушыларды ауыстырсаңыз, барлық қолданбаларыңыз жұмысын жалғастырады және қайта кірген кезде бәрі сіз қалдырған жерде болады.
Шығу немесе Пайдаланушыны ауыстыру үшін жоғарғы панельдің оң жағындағы жүйелік мәзірді шертіңіз, батырмасын шертіңіз және тиісті опцияны таңдаңыз.
Пайдаланушыны ауыстыру жазбасы мәзірде жүйеңізде бірден көп пайдаланушы тіркелгісі болған жағдайда ғана пайда болады.
Экранды құлыптау
Егер компьютерді аз уақытқа қалдырып бара жатсаңыз, басқа адамдардың файлдарыңызға қол жеткізуін немесе қолданбаларды іске қосуын болдырмау үшін экранды құлыптауыңыз керек. Оралған кезде құлыптау экранын көресіз. Қайта кіру үшін пароліңізді енгізіңіз. Егер экранды құлыптамасаңыз, ол белгілі бір уақыттан кейін автоматты түрде құлыпталады.
Экранды құлыптау үшін жоғарғы панельдің оң жағындағы жүйелік мәзірді шертіп, батырмасын шертіңіз.
Экран құлыптаулы болған кезде, басқа пайдаланушылар кіру экранының төменгі оң жағындағы Басқа пайдаланушы ретінде кіру батырмасын шерту арқылы өз тіркелгілеріне кіре алады. Олар аяқтағаннан кейін жұмыс үстеліне қайта ауыса аласыз.
Аялдату
Қуатты үнемдеу үшін компьютерді пайдаланбаған кезде оны аялдатыңыз. Егер ноутбук пайдалансаңыз, жүйе әдетте қақпақты жапқан кезде компьютерді автоматты түрде аялдатады. Бұл күйіңізді компьютер жадына сақтайды және компьютер функцияларының көбін өшіреді. Аялдату кезінде әлі де өте аз мөлшерде қуат пайдаланылады.
Компьютерді қолмен аялдату үшін жоғарғы панельдің оң жағындағы жүйелік мәзірді шертіңіз, батырмасын шертіңіз және Аялдату опциясын таңдаңыз.
Қуатты өшіру немесе қайта іске қосу
Егер компьютерді толығымен өшіргіңіз келсе немесе толық қайта іске қосуды орындағыңыз келсе, жоғарғы панельдің оң жағындағы жүйелік мәзірді шертіңіз, батырмасын шертіңіз және Қайта іске қосу… немесе Қуатты өшіру… опциясын таңдаңыз.
Егер басқа пайдаланушылар жүйеге кірген болса, сізге компьютерді өшіруге немесе қайта іске қосуға рұқсат етілмеуі мүмкін, себебі бұл олардың сеанстарын аяқтайды. Егер сіз әкімші болсаңыз, өшіру үшін пароль сұралуы мүмкін.
Компьютерді тасымалдағыңыз келсе және батареясы болмаса, немесе батарея заряды аз болса немесе зарядты жақсы ұстамаса, оны өшіргіңіз келуі мүмкін. Өшірілген компьютер аялдатылған компьютерге қарағанда аз энергия жұмсайды.