Неліктен менің экраным біраздан кейін күңгірттеніп кетеді?

Егер экраныңыздың жарықтылығын орнату мүмкін болса, қуатты үнемдеу үшін компьютер әрекетсіз болғанда ол күңгірттенеді. Компьютерді қайтадан пайдалана бастағанда, экран жарық болады.

Экранның өздігінен күңгірттенуін тоқтату үшін:

  1. Іс-әрекеттер шолуын ашып, Қуат деп жаза бастаңыз.

  2. Панельді ашу үшін Қуат пәрменін шертіңіз.

  3. Қуат үнемдеу опциялары бөліміндегі Экранды күңгірттеу ауыстырып-қосқышын сөндірілген күйге қойыңыз.

Экран әрқашан күңгірттенеді, ал «Қуатты үнемдеу» қуат режимін таңдағанда ол көбірек күңгірттенеді. Егер экранның мүлдем күңгірттенгенін қаламасаңыз, оның орнына «Теңгерілген» қуат режимін таңдаңыз.