Экранның сөну уақытын орнату

Қуатты үнемдеу үшін экран бос тұрғанда сөнгенге дейінгі уақытты реттеуге болады. Сондай-ақ сөнуді толығымен сөндіруге болады.

Экранның сөну уақытын орнату үшін:

  1. Іс-әрекеттер шолуын ашып, Қуат деп жаза бастаңыз.

  2. Панельді ашу үшін Қуат пәрменін шертіңіз.

  3. Қуат үнемдеу опциялары бөліміндегі Экранның сөнуі ашылмалы тізімін пайдаланып, экран сөнгенге дейінгі уақытты орнатыңыз немесе сөнуді толығымен сөндіріңіз.

Компьютеріңіз бос тұрғанда, қауіпсіздік мақсатында экран автоматты түрде құлыпталады. Бұл әрекетті өзгерту үшін Экран тым тез құлыпталады бөлімін қараңыз.