Автоматты күту режимін баптау

Компьютеріңізді бос тұрған кезде автоматты түрде күту режиміне өтетіндей баптай аласыз. Батареядан немесе желіден жұмыс істеген кезде әртүрлі аралықтарды көрсетуге болады.

  1. Іс-әрекеттер шолуын ашып, Қуат деп жаза бастаңыз.

  2. Панельді ашу үшін Қуат пәрменін шертіңіз.

  3. Қуат үнемдеу опциялары бөлімінде Автоматты күту режимі батырмасын шертіңіз.

  4. Батарея қуатынан немесе Желіге қосылған таңдап, ажыратқышты қосулы күйіне орнатыңыз және Кідіріс уақытын таңдаңыз. Екі опцияны да баптауға болады.

    Дербес компьютерде Бос тұрған кезде деп белгіленген бір опция болады.