Неліктен қақпағын жапқанда компьютерім сөніп қалады?
Ноутбук қақпағын жапқанда, қуатты үнемдеу үшін компьютер күту режиміне өтеді. Бұл компьютердің іс жүзінде сөнбегенін білдіреді — ол жай ғана ұйқы режиміне өтті. Оны қақпақты ашу арқылы жалғастыра аласыз. Егер ол оянбаса, тышқанды шертіп немесе пернені басып көріңіз. Егер бұл әлі де көмектеспесе, қуат батырмасын басыңыз.
Кейбір компьютерлер күту режиміне дұрыс өте алмайды, бұл әдетте олардың жабдықтары амалдық жүйемен толық қолдау таппағандықтан болады (мысалы, Linux драйверлері толық емес). Бұл жағдайда қақпақты жапқаннан кейін компьютерді оята алмайтыныңызды байқауыңыз мүмкін. Күту режиміне қатысты мәселені түзетіп көруге болады немесе қақпақты жапқанда компьютердің күту режиміне өтуіне жол бермеуге болады.
Қақпақ жабылған кезде компьютердің күту режиміне өтуін тоқтату
Бұл нұсқаулар тек systemd қолдансаңыз ғана жұмыс істейді. Қосымша ақпарат алу үшін дистрибутивіңізге хабарласыңыз.
Бұл параметрді өзгерту үшін компьютеріңізде Tweaks орнатылған болуы керек.
Егер қақпақты жапқанда компьютердің күту режиміне өтуін қаламасаңыз, сол әрекеттің параметрін өзгерте аласыз.
Бұл параметрді өзгерткенде өте сақ болыңыз. Кейбір ноутбуктер қақпағы жабық күйде жұмыс істеп тұрса, әсіресе рюкзак сияқты тар жерде болса, қатты қызып кетуі мүмкін.
Әрекеттер шолуын ашып, Tweaks деп тере бастаңыз.
Қолданбаны ашу үшін Tweaks үстінен шертіңіз.
Жалпы бетін таңдаңыз.
Ноутбук қақпағы жабылғанда күту режиміне өту ауыстырып-қосқышын сөндіріңіз.
Tweaks терезесін жабыңыз.