Батарея күйін пайызбен көрсету
Жоғарғы панельдегі күй таңбашасы негізгі ішкі батареяның заряд деңгейін және оның қазір зарядталып жатқанын немесе жоқ екенін көрсетеді. Ол сондай-ақ зарядты пайыз түрінде де көрсете алады.
Батарея пайызын жоғарғы панельде көрсету
Іс-әрекеттер шолуын ашып, Қуат деп жаза бастаңыз.
Панельді ашу үшін Қуат пәрменін шертіңіз.
Батарея пайызын көрсету ауыстырып-қосқышын іске қосыңыз.