Ноутбук желдеткіші әрдайым жұмыс істеп тұр

Егер ноутбугіңіздегі салқындату желдеткіші әрдайым жұмыс істеп тұрса, бұл ноутбуктегі салқындату жүйесін басқаратын жабдықтың Linux жүйесінде жақсы қолдау таппағандығынан болуы мүмкін. Кейбір ноутбуктерге салқындату желдеткіштерін тиімді басқару үшін қосымша бағдарламалық қамтама қажет, бірақ бұл бағдарламалық қамтама орнатылмаған (немесе Linux үшін мүлдем жоқ) болуы мүмкін, сондықтан желдеткіштер үнемі толық жылдамдықпен жұмыс істейді.

Егер солай болса, кейбір параметрлерді өзгертуге немесе желдеткішті толық басқаруға мүмкіндік беретін қосымша бағдарламалық қамтаны орнатуға болады. Мысалы, кейбір Sony VAIO ноутбуктерінің желдеткіштерін басқару үшін vaiofand орнатуға болады. Бұл бағдарламалық қамтаны орнату — ноутбугіңіздің маркасы мен моделіне өте тәуелді техникалық процесс, сондықтан оны компьютеріңіз үшін қалай жасау керектігі туралы арнайы кеңес алғыңыз келуі мүмкін.

Сондай-ақ, ноутбугіңіз жай ғана көп жылу бөлуі мүмкін. Бұл оның міндетті түрде қызып кеткенін білдірмейді; оған жеткілікті салқын болуы үшін желдеткіштің үнемі толық жылдамдықпен жұмыс істеуі қажет болуы мүмкін. Бұл жағдайда желдеткіштің үнемі толық жылдамдықпен жұмыс істеуіне жол беруден басқа амалыңыз аз. Кейде ноутбук үшін көмектесуі мүмкін қосымша салқындату керек-жарақтарын сатып алуға болады.