Батарея күйін тексеру
Батарея мен қосылған құрылғылардың күйін көрсету
Іс-әрекеттер шолуын ашып, Қуат деп жаза бастаңыз.
Панельді ашу үшін Қуат үстінен шертіңіз. Батареялар мен белгілі Құрылғылардың күйі көрсетіледі.
Егер ішкі батарея анықталса, Батареялар бөлімінде бір немесе бірнеше ноутбук батареясының күйі көрсетіледі. Индикатор панелі заряд пайызын, сондай-ақ розеткаға қосулы болса, толық зарядталғанға дейінгі уақытты және батареядан жұмыс істеген кездегі қалған уақытты көрсетеді.
Құрылғылар бөлімінде қосылған құрылғылардың күйі көрсетіледі.
Жоғарғы панельдегі күй таңбашасы негізгі ішкі батареяның заряд деңгейін және оның қазір зарядталып жатқанын немесе жоқ екенін көрсетеді. Жүйелік мәзірдегі батарея индикаторы зарядты пайызбен көрсетеді. Сондай-ақ, жоғарғы панель таңбашасын пайызды көрсететіндей етіп баптауға болады.