Пайдаланушы және жүйелік баптаулар Wacom графикалық планшеті — Wacom графикалық планшетін, оның ішінде трекинг режимін және ол қай мониторға бейнеленгенін баптаңыз. Іздеу нәтижелерінің баптаулары — Іс-әрекеттер шолуындағы іздеу нәтижелерін баптаңыз. Қай қолданбалар мен файлдық жүйе орындары ізделетінін басқарыңыз және нәтижелердің ретін баптаңыз. Аймақ және тіл — Қалаған тілдерді, аймақтарды, пішімдерді және пернетақта жаймаларын орнатыңыз. Бөлісу баптаулары — Экранды бөлісіңіз немесе медиа мен басқа файлдарды жергікті желі немесе Bluetooth арқылы бөлісіңіз. Дисплей және экран — Фонды орнатыңыз, мониторларды конфигурациялаңыз және түс температураларын басқарыңыз. Дыбыс — Әртүрлі қолданбалар үшін дыбыс деңгейін реттеңіз және әртүрлі динамиктер мен микрофондарды баптаңыз. Жекелік баптаулары — Экранды құлыптау, уақытша файлдарды өшіру және камера мен микрофон сияқты құрылғыларға қол жеткізуді басқару. Желілік тіркелгілер — Әртүрлі желілік сервистердегі тіркелгілеріңізге қосылыңыз. Жылдам баптаулар — Әртүрлі баптауларды жылдам ауыстырып-қосу және құрылғыларды таңдау. Күн және уақыт — Сағаттар мен уақыт белдеулерін пайдаланып, кездесулерді қадағалаңыз. Көптапсырмалық параметрлері — Жүйеңіздегі қолданбалар арасында ауысуды басқарыңыз. Пайдаланушы тіркелгілері — Пайдаланушы тіркелгілерін қосу және өшіру. Парольдерді өзгерту. Әкімшілік құқықтарды орнату. Пернетақта — Халықаралық пернетақта жаймаларын таңдаңыз және пернетақтаның қолжетімділік мүмкіндіктерін пайдаланыңыз. Туралы — Жүйеңіз туралы ақпаратты көру. Тышқан, тачпад және сенсорлы экран — Меңзеу құрылғыларының әрекетін жеке қажеттіліктерге сәйкес реттеңіз. Түсті басқару — Мониторлар, принтерлер және басқа құрылғылардағы түс профильдерін калибрлеу. Қуат және батарея — Батарея күйін қарап, қуатты үнемдеу баптауларын өзгертіңіз. Көбірек ақпарат GNOME көмегі — GNOME жұмыс үстелі пайдаланушыларына арналған нұсқаулық.