Аз қуат тұтыну және батареяның жұмыс уақытын ұзарту
Компьютерлер көп қуат тұтынуы мүмкін. Кейбір қарапайым энергия үнемдеу стратегияларын пайдалана отырып, сіз электр энергиясы үшін төлемді азайтып, қоршаған ортаға көмектесе аласыз.
Жалпы кеңестер
Компьютерді пайдаланбаған кезде оны күту режиміне қойыңыз. Бұл ол тұтынатын қуат мөлшерін айтарлықтай азайтады және оны тез оятуға болады.
Компьютерді ұзақ уақыт пайдаланбайтын болсаңыз, оны сөндіріңіз. Кейбір адамдар компьютерді жиі сөндіру оның тезірек тозуына әкеледі деп алаңдайды, бірақ бұл олай емес.
Қуат баптауларын өзгерту үшін Баптаулар ішіндегі Қуат панелін пайдаланыңыз. Қуатты үнемдеуге көмектесетін бірқатар опциялар бар: белгілі бір уақыттан кейін экранды автоматты түрде тазартуға болады, батарея заряды аз болған кезде Автоматты Қуат үнемдеу режимін іске қосуға болады және компьютерді белгілі бір уақыт бойы пайдаланбаған жағдайда автоматты түрде күту режиміне ауыстыруға болады.
Экран жарықтығын азайтыңыз.
Сыртқы құрылғыларды (мысалы, принтерлер мен сканерлерді) пайдаланбаған кезде сөндіріңіз.
Ноутбуктер, нетбуктер және батареясы бар басқа құрылғылар
-
Экран жарықтығын азайтыңыз. Экранды қуаттандыру ноутбуктің қуат тұтынуының айтарлықтай бөлігін құрайды.
Көптеген ноутбуктерде жарықтықты азайту үшін пайдалануға болатын пернетақтадағы батырмалар (немесе пернетақта жарлығы) бар.
-
Егер сізге біраз уақыт интернет қосылымы қажет болмаса, сымсыз немесе Bluetooth карталарын сөндіріңіз. Бұл құрылғылар радио толқындарын тарату арқылы жұмыс істейді, бұл айтарлықтай қуатты қажет етеді.
Кейбір компьютерлерде оны сөндіру үшін қолданылатын физикалық ауыстырып-қосқыш бар, ал басқаларында оның орнына қолдануға болатын пернетақта жарлығы бар. Қажет болған кезде оны қайта іске қоса аласыз.
Кеңейтілген кеңестер
-
Фонда орындалып жатқан тапсырмалар санын азайтыңыз. Компьютерлер істейтін жұмысы көбірек болғанда көбірек қуат тұтынады.
Орындалып жатқан қолданбалардың көбі сіз оларды белсенді қолданбаған кезде өте аз жұмыс істейді. Дегенмен, интернеттен деректерді жиі алатын немесе музыка не фильмдер ойнататын қолданбалар қуат тұтынуына әсер етуі мүмкін.