Автоматты жарықтықты іске қосу
Егер компьютеріңізде кірістірілген жарық сенсоры болса, оны экран жарықтығын автоматты түрде басқару үшін пайдалануға болады. Бұл экранның әртүрлі сыртқы жарық жағдайларында әрқашан анық көрінуін қамтамасыз етеді және батарея қуатын үнемдеуге көмектеседі.
Іс-әрекеттер шолуын ашып, Қуат деп жаза бастаңыз.
Панельді ашу үшін Қуат пәрменін шертіңіз.
Қуат үнемдеу опциялары бөлімінде Экранның автоматты жарықтығы ажыратқышы қосулы екеніне көз жеткізіңіз.
Экранның автоматты жарықтығын сөндіру үшін оны өшірулі күйіне ауыстырыңыз.