Қолданбаларды іске қосу
Іс-әрекеттер шолуын көрсету үшін тышқан курсорын экранның жоғарғы сол жақ бұрышындағы Іс-әрекеттер бұрышына апарыңыз. Мұнда сіз барлық қолданбаларыңызды таба аласыз. Шолуды сонымен қатар Super пернесін басу арқылы ашуға болады.
Іс-әрекеттер шолуында болғаннан кейін қолданбаны ашудың бірнеше жолы бар:
Қолданбаның атын тере бастаңыз — іздеу бірден басталады. (Егер бұлай болмаса, экранның жоғарғы жағындағы іздеу жолағын шертіп, тере бастаңыз.) Егер қолданбаның нақты атын білмесеңіз, қатысты терминді теріп көріңіз. Қолданбаны іске қосу үшін оның таңбашасын шертіңіз.
-
Кейбір қолданбалардың Іс-әрекеттер шолуының төменгі жағындағы таңбашалардың горизонталды жолағында — dash панелінде таңбашалары болады. Тиісті қолданбаны іске қосу үшін олардың біреуін шертіңіз.
Егер сізде жиі пайдаланатын қолданбалар болса, оларды dash панеліне өзіңіз қоса аласыз.
Dash панеліндегі тор батырмасын (тоғыз нүктесі бар) шертіңіз. Сіз барлық орнатылған қолданбалардың бірінші бетін көресіз. Көбірек қолданбаларды көру үшін басқа қолданбаларды қарау үшін төменгі жағындағы, dash панелінің үстіндегі нүктелерді басыңыз. Қолданбаны іске қосу үшін оның үстіне басыңыз.
-
Қолданбаны панельден таңбашасын сүйреп апарып, оны жұмыс орындарының біріне тастау арқылы бөлек жұмыс орнында іске қосуға болады. Қолданба таңдалған жұмыс орнында ашылады.
Қолданбаны таңбашасын жаңа жұмыс орнына немесе екі жұмыс орнының арасындағы кішкене бос орынға сүйреп апару арқылы іске қосуға болады.
Команданы тез орындау
Қолданбаны іске қосудың тағы бір жолы — Alt+F2 пернелерін басып, оның команда атын енгізу, содан кейін Enter пернесін басу.
Мысалы, Rhythmbox қолданбасын іске қосу үшін Alt+F2 басыңыз және ‘rhythmbox’ деп теріңіз (жалғыз тырнақшасыз). Қолданбаның аты — бағдарламаны іске қосуға арналған команда.
Бұрын орындалған командаларға тез қол жеткізу үшін бағдарша пернелерін пайдаланыңыз.