Пайдаланылмайтын сымсыз технологияларды сөндіру

Пайдаланылмайтын кезде Bluetooth, Wi-Fi немесе мобильді кең жолақты байланысты сөндіру арқылы батареяны тұтынуды азайтуға болады.

  1. Іс-әрекеттер шолуын ашып, тиісінше Wi-Fi немесе Bluetooth деп тере бастаңыз.

  2. Панельді ашу үшін тиісінше Wi-Fi немесе Bluetooth батырмасын шертіңіз.

  3. Тақырып жолағында пайдаланылмайтын қызметтерді сөндірілген күйге ауыстырыңыз. Қажет болса, іске қосылған күйге ауыстыру арқылы қайта қосыңыз.